15.07.2022

МТҚБ-да қазіргі таңда МТҚБ мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындарында жұмыс жасап жатқан шетелдік жоғары оқу орындарын бітірген түлектермен кездесу өтті.

МТҚБ және оның ведомстволық қарасты кәсіпорындарының жас мамандарымен жоспарланған кездесулер шеңберінде "Болашақ" стипендиялық бағдарламасының түлектерімен және өзге бағдарламалар бойынша шетелде оқыған түлектермен кездесу өткізілді.

Бүгінгі таңда МТҚБ құрылымында шетелде оқыған 17 қызметкер жұмыс істеуде.

"Мен біздің ведомствоға қарасты кәсіпорындардың барлық жас қызметкерлерімен біртіндеп кездесуді жоспарлаған едім, сол кездесуімнің алғашқысын сіздермен өткізгім келді. Өйткені сіздер шетелде оқып, өндірістік процестерді басқару және реттеу бойынша үздік тәжірибелерді зерттедіңіздер, барлықтарыңызға жоғары жауапкершілік жүктелген. Сонымен қатар, Сіздердің әрқайсыларыңыз оқу алдында мұқият конкурстық іріктеуден өткен, стипендия алған немесе грант бойынша оқу құқығына ие болғандықтан, Сіздердің әрқайсыларыңыз өзгерістер үшін қажетті әлеуетке ие екендіктеріңізді растады деп ойлаймын.

Шет тілін  білудің және нетворкингтің арқасында сіздер  ақпараттың бастапқы көздеріне, жаһандық трендтерге алғашқылардың бірі болып қол жеткізе аласыздар. Мен сіздердің батылдық танытып, үнемі жаңа идеяларыңызды ұсынғандарыңызды қалаймын. Ең перспективті дегендерін мен әрқашан қолдауға дайынмын, сондай - ақ сіздердің сарапшылдық потенциалдарыңызды арттыру мақсатында, өз бағыттарыңыз бойынша іс-шаралардың спикерлері ретінде ұсынуға қуана келісемін", - деп атап өтті МТҚБ басшысы Әлихан Жамсатов.

Парламентаризм Институты директорының орынбасары Эльмира Қалиева атап өткендей, ведомстволық бағынысты кәсіпорындар шетелде білім алушылардың зияткерлік капиталының маңыздылығы мен құндылығын және олардың тәжірибесінің маңызыдылығын түсінеді. "Біз мемлекет алдындағы міндеттемелерімізді білеміз және түсінеміз. Біз жұмыстың ірі ұйымдарда және әлемдік тәжірибеге сәйкес қалай жасалынатынын өз көзімізбен көргендіктен, жұмысты жақсарту мақсатында  не ұсыну және не айтуымыз керек екенін білеміз. Сондай-ақ, көрген және зерделеген көптеген дүниелерімізді экономиканың ерекшеліктері мен  мәдени аспектілерін ескере отырып, енгізгіміз келеді", - деп атап өтті Э.Қалиева.

МТҚБ ДАЗ ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бас маманы Нұрсұлтан Қайдар жас маман үшін  әріптестермен немесе кәсіпорын басшылығымен тікелей байланыс орнатумен қатар, бүкіл құрылымға қатысты идеялар мен ұсыныстарды айтуға мүмкіндік болғаны маңызды екенін атап өтті.

Жақында берген сұхбатында "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Басқарма Төрағасы Әнуар Жанғозин атап өткендей, "Болашақ" бағдарламасының 29 жыл ішінде 11,5 мың маман дайындады. Бағдарламаның түлектері жаңашылдықтың көшбасшысы болған әрқашан.

МТҚБ инженерлік орталығының сандық дизайн қызметінің веб-дизайнері Ботакөз Сағындықова шетелдік жоғары оқу орындары түлектерінің қатысуымен кәсіпорындар ішінде коммьюнити немесе кеңес құру қажеттілігі туралы сөз қозғады. "Бізге тимбилдинг форматында тілдесу, идеялармен бөлісу қажет. Жұмыс істеп жатқан салаларымыздың беделі мен имиджін арттыру біз үшін өте маңызды. Осы қоғамдық жұмысқа уақыт бөлугебіз дайынбыз", - деп атап өтті Ботакөз.

Кездесу бейресми, достық атмосферада өтті, қатысушылар ұсыныс, идеяларымен бөлісу үшін, сондай-ақ алдыдағы жоспарды айқындау үшін бір аптадан кейін қайта кездесетін болып шешті. Алдағы уақытта жас мамандардың арасынан таланттарды анықтау, креативті идеяларды іздеу және енгізу, мансаптық және кәсіби өсуге қызығушылықты ынталандыру және кәсіпорындарда әлеуметтік лифт тетіктерін жандандыру мақсатында МТҚБ ведомстволық бағынысты кәсіпорындарының жастар өкілдерімен кездесулер өткізу жоспарлануда.