01.07.2022

Ақпарат қызметкерлері күні: үздік мамандарды марапаттау

Жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай салалық ведомство медиа саланың ең белсенді үздік қызметкерлерін атап өтеді.

Қазақстан журналистерімен қатар, редакцияның барлық қызметкерлері - операторлар, фотографтар және соңғы сюжет, мақала, репортаж қызметіне байланысты басқа да көптеген мамандар кәсіби мерекелерін атап өтеді.

«Ақпараттық көрініс тұтастығы, ұйымды қоғам қалай қабылдайтыны - уақытында жиналған және берілген ақпаратқа, мазмұнның сапасына байланысты екені жасырын емес. Сондықтан біздің елімізде медиа саланың қызметкерлеріне әрқашан ерекше көңіл бөлінеді. Мереке қарсаңында Парламенттің қос палатасының қызметін фото-, бейнетіркеуді қамтамасыз ететін Инженерлік орталығы қызметкерлерінің еңбегін атап өту үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен жұмыс жүргізілді. Біз үшін қызметкерлерді қолдау, ынталандырудың материалдық емес әдістерін енгізу өте маңызды. Барлық медиа қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын», - деді МТҚБ Басшысы Әлихан Жамсатов.

Жыл сайын мереке қарсаңында сонымен қатар түрлі байқаулар өткізіліп, ақпарат саласындағы ең талантты қызметкерлер марапатталып, атап өтіледі.

«Мереке күні ақпарат ағынын жасауға көмектесетін адамдар туралы есте сақтау маңызды – бұл түпкі нәтижеге қол жеткізетін фотографтар, операторлар, бейнеинженерлер және басқа да мамандар. Сіздер медиа-алаңда аянбай еңбек етіп келесіздер, Сіздердің еңбектеріңіз де осы күні атап өтілуі тиіс және мен үшін Сіздерге құрмет грамоталарын тапсыру ерекше құрмет",- деп атап өтті Инженерлік орталықтың директоры Асқар Құсайынов грамоталарды беру барысында.

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің Құрмет грамотасымен 7 қызметкер марапатталды. МТҚБ Басшысының Құрмет грамотасымен - 3 қызметкер марапатталды.