05.08.2022

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы Көлік қызметкерлері күні қарсаңында үздік қызметкерлерді марапаттады

Көлік қызметкерлері күні Қазақстанда кәсіби мерекелер тізбесіне кіреді және тамыз айының алғашқы жексенбісінде, ағымдағы жылы 7 тамызда атап өтіледі. Бұл кәсіби мереке көлік саласында еңбек ететін барлық мамандарға арналған. Осы кәсіби мерекеге қатысты мамандар тізімі өте көп: автомобиль, теміржол, су және авиация көлігінің өкілдері, атап айтқанда жүргізушілер, диспетчерлер, машинистер, жолсеріктер, ұшқыштар, стюардессалар, техникалық персонал және т.б.

 

Осы күнді атап өту, ұжым мүшелерін құттықтау және марапаттау жылдан жылға жалғасып келе жатыр. Өз құттықтауларын билік өкілдері, мемлекеттік органдар, ұжымдар басшылықтары және өзара іс-қимыл жасайтын ұйымдар білдіреді. 

Автомобиль саласы мамандықтарының мәртебесін нығайту, беделін арттыру және ұжымды ынталандыру мақсатында Материалдық техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы қызметкерлерін көтермелеу жүргізілді. 

Мереке қарсаңында ерекшеленген қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы атынан (5 қызметкер) құрмет грамоталары мен алғыс хаттар, Қазақстан Парламентінің Сенат пен Мәжіліс аппараты басшыларының атынан (18 қызметкер), Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы басшысының атынан (20 қызметкер), Материалдық техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы директорының атынан (12) Алғыс хаттар табыс етілді. 

Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Құрметті автокөлікші» («Почетный водитель») және «Үздік автокөлікші» («Лучший водитель») ерекше марапаты – төс белгілерімен автошаруашылықтың 16 жүргізушісі марапатталды. 

«Материалдық техникалық қамтамасыз ету басқармасы өзінің дәстүрлерімен ерекшеленеді, сондықтан біз кәсіби мерекелер мен маңызды күндерге ерекше назар аударамыз. Үздік жұмыскерлерімізді салалық министрліктерден, өзара іс-қимыл жасайтын ұйымдар мен серіктестерімізден, Материалдық техникалық қамтамасыз ету басқармасы атынан алғыс белгілермен атап өтуге алдын ала қарастырылады. 

Автошаруашылық ұжымы туралы айта отырып, әр қызметкердің күнделікті және қажырлы еңбегін атап өткім келеді, диспетчерлердің, жүргізушілердің, механиктердің іс-қимылдарының үйлесімділігінен, тікелей міндеттерді орындау – желіге уақтылы шығу, автомобиль паркінің жарамдылығы және көрсетілетін қызметтердің сапасы байланысты болады. Барлық көлік қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын» - деді Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Әлихан Жамсатов. 

Жүргізушілердің ауысымдық жұмыс форматын және санитарлық нормалардың шектеулерін ескере отырып, барлық наградалар кәсіпорынға беріліп, қызметкерлерге жеке-жеке табыс етілді. Сондай-ақ, мереке қарсаңында автошаруашылықтың барлық қызметкерлеріне сыйақы берілді, сонымен қатар МТҚБ басшысы Әлихан Жамсатов қол қойған құттықтау хаттар (120) табыс етілді. Осылайша, автошаруашылықтың еңбек ұжымының бірде-бір мүшесі назардан тыс қалмай, мереке қарсаңында атап өтілді. 

Материалдық техникалық қамтамасыз ету басқармасы автошаруашылығының директоры Дәулет Асқаров кәсіби мереке қарсаңында ұжымды сапалы орындалатын міндеттер, кәсібилік, кәсіпорынның мүлкіне ұқыпты қарау, барлық ережелерді, нормалар мен қауіпсіздік талаптарын сақтау үшін тамаша ынталандыру және алғыс білдірудің белгісі деп есептейді.