29.11.2022

МТҚБ Автошаруашылығында студенттерге арналған ашық есік күні өтті

МТҚБ Автошаруашылығы оқу орындармен ынтымақтастық туралы жасалған Меморандум аясында Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» оқу орнымен бірлесіп «Көтергіш-көлік, құрылыс -жол машиналары мен механизмдерін техникалық пайдалану», «Автомобиль көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша)» мамандықтары түлектеріне арналған ашық есік күні өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты – МТҚБ Автошаруашылығы мамандарының  жұмыс ерекшеліктерімен таныстыру, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту және бәсекеге қабілетті, білікті, заман талабына сай, дарынды жастарды тарту. 

Экскурсия аясында студенттер МТҚБ Автошаруашылығы жөндеу-техникалық алаңымен, автобазамен, жанар-жағармай құю станциясымен, диспетчерлік қызметпен, автотұрақтармен танысты.