02.12.2022

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы және кедергісіз орта құруға бағытталған жөндеу жұмыстарын жүргізді

Мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін кедергісіз орта құру қазіргі заманғы дамыған қоғам үшін бірінші кезектегі міндеттердің бірі. Сондай-ақ әлеуметтік саясатты іске асырудың маңызды шарты, объектілерге бірдей қауіпсіз және қолайлы қолжетімділікті құру болып табылады.

Биылғы жылы  мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді және  кедергісіз орта құру жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің әкімшілік ғимараттары арасында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін баспалдақта кресло-арбаны көлбеу көтеру механизмін орнату бойынша жұмыстар аяқталды. Кресло – арбаны  көтергіш жылжымалы платформа конструкциясы сәнді дизайнымен, дыбыссыз жұмысымен, ұзақ мерзімділігімен ерекшеленеді. Бұндай кресло- арба көтергіштері қалалық ортада азаматтардың барлық санаттары үшін жайлы және қауіпсіз етіп қана қоймай, заманауи деңгейге жеткізеді.

Сонымен қатар, Сенат ғимаратында ауданы  64м2 болатын 8-ші кіреберісі жөнделді; 0,1,4-ші қабаттар, жұмыс кабинеті, Бюро залы, бірлескен және пленарлық мәжіліс залдарында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттіліктерін ескере отырып жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Нұрсая 1» тұрғын үй кешенінде 7- кіреберіс алаңына ремонттық өзгерістер жасалды, қызметтік пәтерде балконның ашылуы кеңейтілді.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың мақсаты–әкімшілік ғимараттарға мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қызметіне байланысты Парламент ғимаратына барған жағдайда кедергісіз кіруін,шақырылған жиналыстарға қатысуын қамтамасыз ету. Қолжетімді ортаның болуы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың негізгі құқықтарын жүзеге асырудың маңызды шарты болып табылады.

Парламент депутаттарының қатарында мүмкіндігі шектеулі азаматтар қызмет етеді. Инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізу үшін оларға жағдай жасалған, атап айтқанда материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тасымалдау үшін арнайы мамандандырылған Hyundai H350 автокөлігі сатып алынды. Сондай-ақ, шағын автобус мүмкіндігі шектеулі азаматтардың  кресло-арбасын түсіріп, көтеру үшін арнайы тартылатын құрылғымен жабдықталған, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тікелей кресло-арбамен тасымалдау кезінде кресло-арбаны бекітетін құрылғы мен басқа да арнайы құрылғылар қарастырылған. Микроавтобус «Қолжетімді орта» бағдарламасының талаптарына толық сәйкес келеді және ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.

Бұл жобаның мақсаты -  мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы және қолжетімді орта құруға бағытталған.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар күніне 13 жұмысшы адал еңбектері үшін алғыс хаттармен марапатталып, әрқайсысына сыйақы табысталды.