27.12.2022

Біз әріптестерімізбен мақтанамыз!

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы Әкімшілік ғимараттар дирекциясының қоғамдық тамақтану қызметінің бренд-шефі Сергей Даникель ҚР СІМ қызметіне белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аппаратының басшысы - Амангелді Газезұлы Саиновтың алғыс хатымен марапатталды.

Сергей Даникель ұзақ уақыт бойы Париждегі ҚР Елшілігінде ресми қабылдауларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысқан.

Айта кету керек, еңбек еткен жылдары бренд-шеф Даникель бірнеше рет ұлттық қазақ тағамдарының дәмі бар жаңа тағамдарды ойлап табудағы бірегейлігімен ерекшеленді және өзінің аспаздық жаңалықтарымен барлығын таң қалдыруды жалғастыруда.