29.12.2022

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы өткен жылды қорытындылап, үздіктерді марапаттады

Жаңа жыл қарсаңында Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы өткен жылды қорытындылап, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы жүйесінде 25 жылдан астам еңбек ететін қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы басшысы Әлихан Жамсатов салтанатты түрде 5 қызметкерге Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін қамтамасыз ету жолындағы талай жылдар бойы кәсіби шеберлігін көрсетіп, зор жауапкершілік танытып, қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғанына  және мамандығына адалдығы үшін алғыс хаттар табыс етті.

Осылайша, келесілер марапатталды: 

Назгүл Жүнісова – Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы қаржы-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы. Жұмыс өтілі – 25 жыл 1 ай. 

Гүлзат Молдашева – Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Инженерлік Орталығы стенографиялау қызметінің басшысы. Жұмыс өтілі – 27 жыл 9 ай. 

Гүлсім Жұмаева – Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Инженерлік орталығы стенографиялау қызметінің жоғары санатты стенографы. Жұмыс өтілі– 29 жыл 5 ай. 

Ирина Похил – Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы Инженерлік орталығы Конгресс жүйелер қызметінің 1 санатты инженері. Жұмыс өтілі – 29 жыл 9 ай. 

Ирина Шыныбаева – Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы Инженерлік Орталығы стенография қызметінің жетекші редакторы. Жұмыс өтілі – 30 жыл 7 ай. 

Әріптестерімізді құттықтаймыз!