30.12.2022

Біз әріптестерімізбен мақтанамыз!

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы мен оның ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қызметкерлері ҚР Парламенті Мәжілісінің қызметін қамтамасыз ету жолындағы атқарып келе жатқан еселі еңбегі үшін және жүктелген міндетті абыроймен атқарып, Мәжілістің қызметін жетілдіруге сүбелі үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының басшысы Ренат Айтаевтың Алғыс хатымын марапатталды.

Алғыс хаттар салтанатты жиында келесілерге табысталды: 

 Балхашева Аида - Материалдық – техникалық қамтамасыз ету басқармасы заң басқармасының бас сарапшысы. 

 Файзуллин Әділхан – Материалдық -техникалық қамтамасыз ету басқармасының Әкімшілік ғимараттары дирекциясы шаруашылық қызмет көрсету қызметінің (Мәжіліс ғимараты) кітапханашысы. 

 Бесимбай Айбек - Материалдық – техникалық қамтамасыз ету басқармасының Әкімшілік ғимараттары дирекциясы шаруашылық қызмет көрсету қызметінің (Мәжіліс ғимараты) кітапханашысы. 

 Жұмашев Батырбек - Материалдық – техникалық қамтамасыз ету басқармасының Автошаруашылығы көлік құралдарын пайдалану қызметінің көлік жүргізушісі.  

Ермагамбетов Болат - Материалдық – техникалық қамтамасыз ету басқармасының Инженерлік орталығы конгресс- жүйелер қызметінің жоғары санатты инженері. 

 Турарова Жумакуль - Материалдық – техникалық қамтамасыз ету басқармасының Парламентаризм институты өндірістік процестерді қамтамасыз ету бөлімінің аудармашысы.

Сонымен қатар, Материалдық- техникалық қамтамасыз ету басқармасының Инженерлік орталығының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президентін сайлау науқанына дайындық және оны өткізу жұмыстарына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Алғыс хаттарды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының басшысы Ренат Айтаев табыс етті. Осылайша, келесілер марапатталды: Жаслан Жумабеков – Материалдық - техникалық қамтамасыз ету басқармасының Инженерлік орталығы медиа қызметінің жоғары санатты фотографы.

Айбол Жумағұлов – Материалдық - техникалық қамтамасыз ету басқармасының Инженерлік орталығы медиа қызметінің жоғары санатты видеоинженері.