19.04.2023

МТҚБ Инженерлік орталығының жаңа директоры жұмысқа кірісті

Өткен конкурстың қорытындысы бойынша МТҚБ басшысының бұйрығымен Арман Әлиев «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Инженерлік орталығы» РМК директоры болып тағайындалды. Бүгін МТҚБ басшысының орынбасары Серік Кенжебаев ұжымға жаңа директорды таныстырды.

Ұжым жиналысында Серік Кенжебаев кәсіпорынның тиімді жұмысын ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін директордың міндетін атқарушы, Инженерлік орталық директорының орынбасары Назар Оразбаевқа алғысын білдірді (ол РМК директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды), оның еңбегін атап өтіп, жаңа басшыға табыс тіледі.

Тағайындау туралы анықтама:

Арман Көкішұлы Әлиев Орталық Одақтың Қарағанды кооперативтік институтын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының магистратурасын «Мемлекеттік басқару» мамандығын бойыша бітірген.

Әр жылдары Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімі, «Тобол» ӘКК ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы, «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК бас директоры, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Лауазымға тағайындалғанға дейін «ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы» РМК директорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.