18.05.2023

Астанадағы Хендай зауытының ресми өкілдерімен ынтымақтастық туралы келіссөздер басталды

ҚР ПІБ «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ мамандарының Әлихан Жамсатов бастаған жұмыс тобы Астанадағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытының ресми өкілдерімен ынтымақтастық туралы алдын ала келіссөздер жүргізді.

«МТҚБ Автошаруашылығы» РМК қажеттіліктері үшін бастапқы қосалқы бөлшектерді тікелей өндіруші зауыттан сатып алу шарттары қарастырылды және Кәсіпорынға тиесілі автокөлік құралдарына кепілдік техникалық қызмет көрсету шарттары талқыланды.

«МТҚБ ұжымдарының ПІБ басшылығымен жыл сайынғы кездесуімізде қосалқы бөлшектер бойынша мәселелер көтерілді. Бөлшектердің жоғары сапасы қозғалыс қауіпсіздігіне әсер етеді, регламенттен тыс жөндеу жұмыстарының санын және соның салдарынан техникалық қызмет көрсету шығындарын азайтады. Тиісінше, автомобиль ұзақ қызмет етеді. Мемлекеттік сатып алу жүйесінде тауар үшін ең төменгі бағаны ұсынатын жеткізушілер тендердің жеңімпаздары атанады. Мұны тек аналогтық бөлшектерді жеткізушілер ғана береді. Сондықтан, Іс Басқарушысының тапсырмасы бойынша біз дайындаушы зауытпен тікелей шарт бойынша жұмыс істеу мүмкіндігін зерттеп жатырмыз», - деді Әлихан Жамсатов.

«Түпнұсқа қосалқы бөлшектер бірегей нөмірі бар фирмалық таңбамен қорғалған, жоғары сапалы және автомобиль дизайнымен тамаша үйлесімділікке ие. Зауыт өкілдері жөндеуді немесе ауыстыруды қажет ететін кез келген өнімге жылдам тапсырыс беру және жеткізу мүмкіндігіне кепілдік береді. Сонымен қатар, олар бөлшектерін пайдаланған кезде автомобильге техникалық қызмет көрсету кепілдігін ұзартады» - өндіруші зауытпен ынтымақтастықтың артықшылықтарын МТҚБ Автошаруашылығының директоры Дәулет Асқаров атап өтті.

Келіссөздерден кейін қатысушылар Hyundai Auto Kazakhstan дистрибьюторлық орталығының өндірістік қуаттарымен және жөндеу бизнес-процестерімен танысты.