22.05.2023

Мақсат – цифрландыруды тиімді дамыту

МТҚБ басшысы Әлихан Жамсатов бастаған жұмыс тобы PricewaterhouseCoopers (PwC), Deloitte, KPMG консалтингтік компанияларымен, International Data Corporation (IDC) және BPM Technologies IT-компанияларымен, сондай-ақ банк саласындағы цифрлық өнімдердің көшбасшысы болып табылатын «Kaspi Bank» АҚ-мен Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының жауапкершілігіндегі цифрлық процестерді дамыту мәселелері бойынша кеңес-сөздер жүргізді.

Кездесуге қатысушы компанияларға ұйымның қойылған міндеттерге алдын ала талдау жүргізу және оларды шешудің ерекшелігін ескере отырып, халықаралық тәжірибені зерделеп, өз көзқарастары мен ұсыныстарын жолдау ұсынылды.

ПІБ және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің келісімі бойынша МТҚБ-ға ҚР Парламентінде цифрлық жобаларды дамытуды практикалық іске асыру тапсырылған болатын.