01.06.2023

МТҚБ-ның 11 жас шахматшысы ПІБ ұйымдастырған жарыстарға қатысты

Балаларды қорғау күніне орай ҚР Президенті Іс Басқармасында ПІБ құрылымындағы қызметкерлердің балалары арасында шахмат турнирі өтті. Турнирге 72 жас дарындар, оның ішінде МТҚБ құрылымының ӘҒД және Инженерлік орталығы қызметкерлерінің 11 баласы қатысты.

Қатысушылар 7-9 жас және 10-12 жас аралығындағы екі жас тобына бөлініп, «әркім әрқайсысымен» ойнады.

Матвей Семенов небәрі 7 жаста, ол турнирде ойнайтын шахматшылардың ең кенжесі. Матвей өзінің жеті партиясының төртеуін таза жеңіп шықты.

Матвейге шахмат ойнауды атасы 6 жасында үйреткен және бүгінгі турнирге дейін оның екі спорттық марапаттары бар. «Атам екеуміз шахматты демалыс күндері ғана ойнаймыз. Менің інім жақында 6 жасқа толады, мен оған шахмат ойнауды үйретемін, сонда қызықты болады» - деді Матвей.

Жарыста қызықты ойын үшін арнайы сыйлық алған 10 жасар Самира Серикованы балабақшадағы оқытушылар шахмат ойнауға үйреткен. Ол оқитын 48-ші мектепте шахматты үйретеді және Самира шахматқа қызығушылықпен қатысады. Бірақ үйде ол жалғыз шахматшы және ата-анасы қызының қызығушылығына үлкен құрметпен қарайды.

Жас шахматшылардың жарысына ФИДЕ шебері, Қазақстан чемпионатының жүлдегері, «Ход конем» шахмат клубының құрылтайшысы Павел Юрков төрелік етті.

«Мен балалардың ойынына тәнті болдым, мұнда жаңа ойыншылар жоқ. Ойын деңгейінен көріп отырғанымдай, қатысушылардың көпшілігі шахматпен айналысады, көптеген дәрежелі ойыншылар да бар. Менің ойымша, балалар көптеген мықты қарсыластармен кездесіп, бір-бірімен танысуға қызығушылық танытты», - деді Павел Юрков.

7-9 жас санатындағы жеңімпаздар: Альмади Ермулатов – 1 орын, Али Болеубай – 2 орын, Наби Болеубай – 3 орын, арнайы сыйлық иегері – Инкар Қожахметова.

10-12 жас санатындағы жеңімпаздар: Айсұлтан Исабай – 1 орын, Сұлтан Құсайын – 2 орын, Азат Оразаев – 3 орын, арнайы сыйлық иегері – Самира Серікова.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ ерекше ойын стилімен ерекшеленгендер кубоктар мен дипломдармен марапатталды. Алайда, шахмат байқауына қатысушылардың ешқайсысы назардан тыс қалған жоқ. Балалардың ойынға қызыққандары соншалық, тіпті марапаттау кезінде 7 шахмат турынан кейін де өздері үшін қызықты қарсыластармен өз еркілерімен ойнады.