14.06.2024

ҰҚШҰ Парламентаралық Ассамблеясының жоғары дайындығы үшін алғыс айтылды

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысын мінсіз өткізгені үшін Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас кеңсесі және ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың 15 қызметкері ҚР Парламенті Мәжілісі басшылығының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

3 маусым күні Алматы қаласында өткен іс-шара өте жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Мұны барлық елдерден келген жиынға қатысушылар атап өтті.

МТҚБ басшысы Серік Бақтияр Автошаруашылық, ӘҒД, ИО қызметкерлеріне лайықты көтермелеулер табыс етті және оларға жұмыста жаңа жетістіктер тіледі.