02.10.2013

2013 жылғы 01 қазанда Шаруашылық басқармасының Мәжіліс залында Шаруашылық басқармасы мен «Бірлік» бастапқы партия ұйымының филиалы бірлесіп, «Халықаралық Қарттар күні» мерекесіне орай ардагерлермен салтанатты кездесу өткізді.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы аппаратының қызметкерлері мен ведомстволық қарасты кәсіпорындар директорлары қатысты.

         2013 жылғы 01 қазан күні Шаруашылық басқармасының Мәжіліс залындаШаруашылық басқармасы мен «Бірлік» бастапқы партия ұйымының филиалы бірлесіп, «Халықаралық Қарттар күні» мерекесіне орай ардагерлермен салтанатты кездесу өткізді.

    Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы аппаратының басшылығы мен қызметкерлері және ведомстволық қарасты кәсіпорындар директорлары қатысты.     Салтанатты кездесуге Шаруашылық басқармасының ведомстволық қарасты кәсіпорындарында 35 жылдан астам қызмет етіп, құрметті зейнеткерлікке шыққан ардагерлер: О.Т. Жандосов, М.М. Ғаббасов, Ж.Б. Балтабаев, Г.Т. Қырықбаева, Н.Т.Денисова шақырылды.     

         Кіріспе сөзбен жиналысты Басшы Б. Князбаев ашып, ардагерлерді мейрамдарымен құттықтады, Парламент қызметін қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін зор алғысын білдірді.     Сонымен қатар, Шаруашылық басқармасының кәсіпорын директорлары мен басшылығы сөз сөйлеп, ардагерлерді айтулы мерекелерімен құттықтап, қызметтес болған жылдарды еске алысты, сондай-ақ ардагерлер өз кезегінде өздерін шақырып, ұлықтағаны үшін Шаруашылық басқармасы басшылығына үлкен ілтипаттарын білдірді.     

Салтанатты жиналыс соңында ардагерлерге бағалы сыйлықтар мен гүл шоқтары табыс етілді, естелік ретінде суретке түсірілді.