30.09.2013

2013 жылғы 28 қыркүйекте «Алатау» СК ҚР Президенті Іс Басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдары арасында волейбол ойыны бойынша турнир өткізілді.



    Турнирге ҚР ПІБ-тің ведомстволық қарасты ұйымдары арасынан 15 команда қатысты.         Парламенттің ШБ командасына күшті де лайықты қарсыластар тап болды. Лайықты тартыста біздің команда жүлделі үшінші орынды иеленді. ШБ командасы ойыншыларының бірі «ҚР Парламенті ШБ-ның Қызметтік тұрғын үйлерді пайдалану жөніндегі дирекциясы» РМК қызметкері Баймағамбетов Азамат Сартайұлына «Үздік пас беруші» номинациясы бойынша диплом табыс етілді.         

    Сондай-ақ біздің спортшыларға өздерінің белсенділігімен және ұрандарымен өлшеусіз қолдау көрсеткен жанкүйерлердің ерекше үлесін атап өту қажет.