18.09.2013

Бүгін, 2013 жылғы 18 қыркүйек күні Министрліктер үйі ғимаратында (10-кіреберіс, Есеп комитетінің Мәжіліс залы) Қазақстан Республикасының халқы тілдері күніне арналған салтанатты жиналыс пен семинар-тренинг өтті.

Іс-шараға шақырылған қонақтар, Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының орталық аппаратының қызметкерлері және ведомстволық қарасты кәсіпорындар директорлары мен қызметкерлері қатысты.

    Бүгін, 2013 жылғы 18 қыркүйек күні Министрліктер үйі ғимаратында (10-кіреберіс, Есеп комитетінің Мәжіліс залы) Қазақстан Республикасының халқы тілдері күніне арналған салтанатты жиналыс пен семинар-тренинг өтті.     Салтанатты шараны кіріспе сөзбен ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының Басшысы Б. Князбаев ашты.     

Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаторы Ю.А. Кубайчук, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор Ш. Құрманбайұлы, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Е.Е. Тілешов және басқа да мемлекеттік тілді дамыту саласындағы мамандар, сондай-ақ ведомстволық қарасты кәсіпорындардың басқа ұлт өкілдері мемлекеттік тілде сөз сөйледі.     

Салтанатты жиналыс аяқталған соң іс-шара «Мемлекеттік тіл: құжатайналымы және аударма» тақырыбындағы семинар-тренингпен жалғасты, оған қатысушы қызметкерлер өз қызметінде тиімді пайдаланатын құнды да қызықты материалдар алды деген үміттеміз. Мысалы, Астана қаласы Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының басшысы Алма Әбдінасырқызы Шоқаеваның «Мемлекеттік тілде құжат дайындау, ресімдеу және сақтау мәселелері» атты дәрісінде құжаттардың дұрыс ресімделуі жөнінде көптеген мағлұматтар, мысалдар келтірілді. 

Тағы бір айта кететін қызықты баяндама «Астана медицина университеті» АҚ Мемлекеттік тілді дамыту және тіл саясаты бөлімінің жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Мухамбедия Ахметов өзі сөзінде келтірген мысалдары және слайдтарында көрсетілген Аударма саласындағы кейбір түйткіл мәселелер қатысушылардың көңілінен шығып, қошеметіне бөленді. 

Сондай-ақ М. Ахметов өз сөзінің соңында «Қазақ мектептерінде көркем сөйлеу пәнін енгізу керек», «Тіл тазалығы туралы» Заң керек» және «Бүкіл әлем тілдерін қазақ тіліне аудара алатындай дәрежеге жеткізу үшін аудармашылар дайындайтын факультет ашу керек» деген сияқты көкірегінде жүрген ұсыныстарымен де бөлісе кетті.     

Шаруашылық басқармасының Басшысы іс-шарада барлық қатысушыларды құттықтап, шақырылған қонақтар мен үздік қызметкерлерге Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарын табыс етті.     Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар таратылды.