18.09.2013

2013 жылғы 18 қыркүйекте «ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының Асханасы» ШЖҚ РМК құрылымында ҚР Парламентінің Мәжілісі ғимаратында орналасқан асхананың Диеталық Залының тұсаукесер - ашылуы өтті.



Іс-шараға Парламент Палаталарының депутаттары мен аппараттарының қызметкерлері қатысты. 

Қонақтар алдында ҚР Парламенті ШБ Басшысының орынбасары Ә. Мұсабаев және дәрігер - диетолог, медицина ғылымдарының докторы А. Калашникова сөз сөйледі, олар салауатты тамақтанудың маңыздылығы, сондай-ақ жаңа диеталық асхананың технологиялық және сауда мүмкіндіктері туралы баян етті.    

Сонымен қатар, маман – диетолог Парламент Палаталары депутаттары мен аппараттары қызметкерлері үшін олардың организмдерінің физиологиялық және биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, диеталық мәзірлерді әзірлеу және салауатты тамақтану жөніндегі жеке кеңестер беру дайындығы туралы келген қонақтарды ақпараттандырды.   

Тұсау кесу барысында ассортименттегі шырын - фрештердің (алма, сәбіз, асқабақ, кәді, қырыққабат), дәрументік шәйдің, сондай-ақ диеталық тағамдардың (асқабақ сорпасы, ананас қосылған күркетауық, долма т.б.) дәмдерін татып көру жүргізілді. Қонақтарға Парламенттің асханасында тапсырыспен дайындауға болатын шала фабрикаттардан жасалған диеталық өнім ұсынылды.