25.07.2013

Үстіміздегі жылдың 25 шілдесінде Кәсіпорын, Астана қаласының ТЖД бірлесіп, жалған өртті тоқтату бойынша өрт-тактикалық үйрету жаттығуын өткізді

Үстіміздегі жылдың 25 шілдесінде Кәсіпорын, Астана қаласының ТЖД бірлесіп, жалған өртті тоқтату бойынша өрт-тактикалық үйрету жаттығуын өткізді. Жалған өрттің пайда болған орны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс ғимаратының үшінші қабатының буфет орын жайы, яғни № 310 кабинеті болып табылды. Жаттығуда Кәсіпорынның кезекші және өрт-техникалық қызметтерінің 22 жұмыскері, Астана қаласы бойынша ТЖД-нің 20 қызметкері, ҚР ІІМ Үкіметтік мекемелерді қорғау жөніндегі Полиция полкінің 16 қызметкері, мердігер ұйымы «S - Sistems» ЖШС-нің 2 қызметкері әрекет етті.

    Жоспарлық іс-шараларды орындау процессінде ғимараттан 252 адам көшірілді, Астана қаласының ТЖД-нің өртке қарсы қызметімен және Кәсіпорынның жұмыскерлерімен және де ҚР ІІМ Үкіметтік мекемелерді қорғау жөніндегі Полиция полкінің қызметкерлерімен өзара әрекеттесу іс-шаралары бойынша жұмыс істелінді, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс ғимаратындағы автоматтандырылған өрт дабылдамасына және хабар беру жүйелерінің жұмысына тексерулер өткізілді.