Ведомстволық қарасты кәсіпорындармен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы

Абылай Серікұлы Серіков

1990 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген.

2014 жылы «экономика» мамандығы бойынша Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің экономика факультетін; 2017 жылы «құқық» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық заң университетінің заң факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы «Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ, «Астана-зеленстрой» АҚ бастаған.

2010 жылдан 2013 жылға дейін жеке құрылымдарда жұмыс істеді.

2013 жылдан 2016 жылға дейін «Астана қ. бойынша ХҚКО» РМК, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ-да жұмыс істеді.

2017 жылдан 2019 жылға дейін «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» РМК-да жұмыс істеді.

2019 - 2023 жылдары - «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ бас сарапшысы.

2023 жылдың қыркүйегінен бастап «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ ведомстволық қарасты кәсіпорындармен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы.