20.09.2022

МТҚБ жұмыскерлері қазақ тілін білуі бойынша тест тапсырды

Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бойынша Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде «Қазтест» қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша тестілеу жүргізілді.



26.08.2022

1 қыркүйек- Білім күніне орай 70 бала кеңсе жабдықтарымен және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді

МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындары Әкімшілік ғимараттары дирекциясы мен Автошаруашылығы ұжымдары- жаңа оқу жылы қарсаңында қызметкерлердің балаларына 70 мектепке арналған құрал-жабдық жиынтығын сатып алып, табыстады.


12.08.2022

МТҚБ-да құрылысшылар күніне орай марапаттау өткізілді.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы ведомствоға қарасты 4 кәсіпорынды біріктіреді, олардың бірі - Әкімшілік ғимараттар дирекциясы. МТҚБ ӘҒД қызметкерлері Қазақстан Парламентінің палаталары - Мәжіліс және Сенат ғимараттарының үздіксіз жұмыс істеуін, толық сервистік қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ӘҒД ұжымы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасайды, техникалық жабдықтардың, инженерлік желілердің жұмысын қамтамасыз етеді, әкімшілік ғимараттарды жиһазбен, ұйымдастыру техникасымен және т. б. жарақтандырумен айналысады.