01.06.2015

1 маусым – Балаларды қорғау күні

30 мамырда «Қазақстан Республикасы Парламенті ШБ-ның Автошаруашылығы» РМК аумағында Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Әкем, анам және мен - спорттық жанұя» мейрамы ұйымдастырылды.

 

Бағдарлама асфальтта сурет салу байқауынан басталды, балалар жайдары көңіл күймен, қызыға борларын алып бірден кірісіп кетті, көп ұзамай алаңша ашық түсті суреттермен құлпырды. Отбасылық спорт жарыстары мереке қонақтарына да, қатысушылардың өздеріне де мол әсер мен қуанышқа толы болды. Мейрам мақтау қағаздарын тапсырумен, мерекелік концертпен аяқталды, балаларға арналып тәтті тағамды дастархан ұйымдастырылды. Мерекенің барлық қатысушыларына бағалы сыйлықтар берілді.