10.08.2020

Абай күні

Биыл Абай Құнанбаевтың туылғанына 175 жыл толады. 10 тамыз Абай күні болып жарияланды, күні ресми мереке тізіміне енгізілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жыл Абайдың Халықаралық жылы болғанын, ақын мен ойшылдың шығармашылығына әлемнің көптеген елдері назар аударғанын атап өтті. Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО қолдауымен көрнекті ақынның 175 жылдығы жаһандық деңгейде атап өтілуде. 

 Сонымен қатар, ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына орай Кәсіпорын қызметкерлер арасында «Абай оқулары» онлайн байқау жарияланды. 

Онлайн байқаудың мақсаты, қызметкерлердің қазақ тілінің көркемдік шеберлігін арттыру және ұлы ақын Абайдың шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне ықыласын арттыру болып табылады. 

 Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде онлайн байқаудың қорытындысы жарияланады. 

Онлайн байқаудың қорытындысы бойынша, қатысқан қызметкерлерге Кәсіпорын басшылығының атынан мадақтама табысталатын болады.