30.04.2015

Қымбатты достар!

Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл жарқын мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығында өтіп жатыр, оған ұлтаралық келісімді нығайтуда ерекше көңіл бөлінуде.Қазақстан халқы Ассамблеясы өз құзыреті шегінде ел Парламентінде мәселелерді қоюға мүмкіндік алды. Әр ұлттың өкілдері Қазақстан халқының мүдделерін ескеріп мемлекеттік саясатты жетілдіруде өз үлестерін қосуда. Қазіргі мерекеге біз үлкен оқиғаның – Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауының терең әсерімен келдік. Сайлаудың нәтижелері бізге және әлемдік жұртшылыққа Қазақстан халқының шынымен ынтымақты, ұйымшыл екендігін тағы да бір рет көрсетті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: «Қазақстанның көп ұлтты халқының бірлігі – бұл тек өткен мен қазіргі жетістігіміз ғана емес, болашағымыздың да басты міндеті». Қазақстанда жүздеген ұлыстар өмір сүруде, олардың тарихы, мәдениеті мен тұрмысы қазақ халқымен тығыз байланысып жатыр. Қазақстан оларға туған үйі мен Отаны болды, олар оны мақтан тұтады.Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық басты байлық пен қазына болып табылады.Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы ұлтаралық келісім негізіндегі қазақстандық мемлекеттілікті және қоғамның бірігуін нығайту ісіне қолдан келерлік өз үлесін қосуда. Осы тамаша көктемгі күні сіздерге мерекелік көңіл-күй, зор денсаулық, барлық істеріңізге табыс, туған-туысқандарыңыз бен жақындарыңызға амандық-саулық, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының гүлденуін тілеймін! Қазақстан халқының достығы нығая берсін! Аман-сау болып, көркейе беріңіздер!