04.04.2015

Волейбол бойынша турнир

2015 жылғы 4-5 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы құрылуының 20 жылдық мерейтойын мерекелеу шеңберінде «Алатау» спорт кешенінде ведомстволық қарасты кәсіпорындардың арасында волейбол бойынша турнир өтті.

    Турнир позитивті нотада өтті, спорт алаңшасында салауатты, командалық рух орнап тұрды, жанкүйерлер қолдау белгісі ретінде ұрандарын жоғары көтере отырып, өз командаларын жұмыла қолдады.ҚР Парламенті ШБ-ның құрама командасы жарыстарға белсене қатысты да, ҚР Президенті Іс Басқармасының және «ҚР ПІБ ӘҒД» РМК командаларына жол беріп 3-орын алды. Турнир жеңімпаздары дипломдармен, кубоктармен және медальдермен марапатталды, басқа қатысушылар естелік жүлделермен ынталандырылды.