20.03.2015

2015 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді.

Мәжіліс залында мерекелік концерт ұйымдастырылды, онда Іс Басқармасы ведомстволық қарасты ұйымдарының күшімен Қазақстанда тұратын халықтар ұсынылды.

    ҚР Парламентінің Шаруашылық басқармасы Өзбекстан Республикасын көрсетті. Әсерлі шығыс билері мен әндері көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырды, зал қатысушалырмен бірге ән салып, би билеп отырды.Ұлттық асхана қазақстанда кеңінен таралған өзбек тағамдарынан ұсынылды, оларды мейрам қонақтары жоғары деңгейде бағалады.Іс-шара қорытындысы бойынша Наурыз мейрамына белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасына Алғыс хат табыс етілді.