19.03.2015

2015 жылғы 19 наурызда этно-дәмхананың салтанатты ашылуы өткізілді

2015 жылғы 19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісінің 2-қабатында этно-дәмхананың салтанатты ашылуы өткізілді, оның мақсаты мемлекеттік қызметшілерге қолайлы жағдай туғызу, сондай-ақ шетел делегациялары мен астана қонақтарына ұлттық дәстүрдің ерекше нақышын паш ету.

     Дәмхананың алатын ауданы - 42,3 ш.м. Дизайны ұлттық стильде, киіз үй ретінде жасалған. Интерьердің безендірілуібарысында ұлттық стильде жасалған ою-өрнектері бар қол өнер бұйымдары (көрпе, көпшік, дастархан, ыдыс-аяқ) қодланылған.Этно-дәмханада бауырсақ, шелпек, самса, ет өнімдері, құрт, жент, ірімшік, қымыз, шұбат және басқа қазақтың ұлттық тағамдары сатылады.Қазақстандық өнім берушілерді қолдау мақсатында, этно – дәмхананың ұлттық мәзірі тек қана «Астана өнім» АҚ-тың отандық өнімдерінен дайындалады.