09.01.2015

Қазақстан Республикасы Парламентінің ШБ-да қайта ұйымдастыру жүргізілді



    «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының жекелеген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1302 Қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының асханасы» және «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Қызметтік тұрғын үйлерді пайдалану жөніндегі дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.

    Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 46-бабының 2-тармағына сәйкес бiрiктiрген кезде бiрiктiрiлген заңды тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК-ге ауысады.Қорытындысы бойынша әкімшілік басқарушы қызметкерлердің саны оперативтік қызметшілердің санын арттыра отырып, азайтылды.Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының ведомстволық қарасты кәсіпорындарын оңтайландыру нәтижесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен қызметкерлеріне көрсетілетін қызметтердің сапасы мен оперативтілігін жақсарту күтіледі.