13.12.2014

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиналыс

Еліміз кезекті мәрте басты мемлекеттік ұлттық мейрам – Қазақстан Республикасының егемендігіне қол жеткізген күнді атап өтуде. Бұл күн Қазақстанда жыл сайын 16 және 17 желтоқсанда тойланады.

    Республиканың тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялау халқымыз үшін маңызды тарихи оқиға, оның ғасырлар бойы егемендікке, өзін-өзі билеуге заңнамалық құқық белгілеуге талпынуының нәтижесі болды. 

Өткен жылдар тәуелсіздіктің бірінші және екінші онжылдықтарының қоғамдық-саяси және әлеуметтік жағдайларды, тәуелсіз мемлекетті қалыптастыруға және құруға септігін тигізген конституциялық қайта өзгерістерді бағалауға мүмкіндік береді.

    2014 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің күніне орай Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындарының ұжымдары өкілдерінің қатысуымен салтанатты жиналыс өткізілді. 

Парламент ШБ-ның ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты, Мәжілісі мен Шаруашылық басқармасының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды, сондай-ақ Парламент ШБ-ның ведомстволық қарасты кәсіпорындарының 32 қызметкеріне жаңа жатақхананың кілті табыс етілді.

    Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы өткізген спорттық іс-шаралардың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Парламент ШБ командасы БІРІНШІ орынға ие болды. Осыған орай, Парламент ШБ-ның Басшысы спорт нұсқаушысы мен ведомстволық қарасты кәсіпорындардың Директорларына Құрмет грамоталарын табыс етті.

Салтанатты жиналыстың соңында Қазақстан егемендігінің қалыптасуының кезеңдері туралы «Тәуелсіздік жолы» атты жаңа деректі бейне фильм көрсетілді.

    Құрметті Қазақстандықтар! Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы барлық азаматтарды ұлттық мейрам «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен» құттықтайды.