22.11.2014

Үстел теннисі бойынша турнир

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және белсенді демалысты насихаттау жөніндегі іс-шаралар шеберінде 2014 жылғы 22 қарашада Іс Басқармасы мен оның ведомстволық қарасты ұйымдары арасында үстел теннисі бойынша турнир өткізілді.

    Аталмыш турнир ағымдағы жылдың қорытынды ойыны болып табылады.Жарысқа 16 команда қатысты. Әрбір ойын қатысушыларға ғана емес, сондай-ақ жанкүйерлерге де ұмытылмас қызықты сәттер мен жарқын көңіл-күй сыйлағаны анық. Турнирде ҚР Парламентінің ШБ командасы жүлделі екінші орынды иеленді.

    Жеңімпаздарды айқын жеңісімен құттықтаймыз!