28.02.2023

ҚР Парламентаризм институты директорының орынбасары тағайындалды

МТҚБ басшысы Әлихан Жамсатов ҚР ПІБ МТҚБ «Парламентаризм институты» РМК ұжымына директордың жаңа орынбасары Қанатбек Сафиновты таныстырды. Ол, сонымен қатар, Институт директорының міндетін уақытша атқарады.

Ұжым жиналысында Әлихан Жамсатов Парламентаризм институтының бұрынғы директоры Мансұрхан Махамбетовке Кәсіпорынның қалыптасуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. МТҚБ басшысы ұйымдастырушы мен ғылыми жетекшінің жоғары еңбегін де атап өтті.

Сондай-ақ, МТҚБ басшысы Институт ұжымымен жұмыскерлердің қанағаттануы мен жұмыс сапасына әсер ететін мәселелерді талқылады. Өткен жылғы кездесуде айтылған тілектер - еңбекақы деңгейін арттыру, бизнес пен квазимемлекеттік секторға ақылы кеңес беру мүмкіндігі шешілді. Ағымдағы жылдың басынан бастап жұмыскерлердің жалақысы 30%-ға дейін өсті. Ақылы қызмет көрсету ниеті қолдау тапты: жарғылық құжаттарға «Парламентаризм институты» РМК сараптамалық мүмкіндіктерін кеңейтетін түзетулер енгізілді.

Тағайындау туралы анықтама: Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым Академиясының мемлекет және құқық институтында 30 жылдан астам ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.

Еңбек жолын 1985 жылы ММУ стажер-зерттеушісі болып бастаған. Әр жылдары құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі, заңнама, қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінің меңгерушісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарушы директоры-Басқарма мүшесі, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. Қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Парламенті Сенатының депутаты болған.