30.10.2014

«Инженерлік орталық» БПҰ-ның есептік-сайлау партиялық жиналысы

2014 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының «Инженерлік орталық» БПҰ «Бірлік» филиалының есептік-сайлау партиялық жиналысы өткізілді.

    Жиналыс шеңберінде «Инженерлік орталық» БПҰ-ның 2013-2014 жылдардағы қызметі туралы есеппен «Инженерлік орталық» БПҰ Төрағасы - Шаруашылық басқармасы Басшысының орынбасары Ұ.С. Сарқұлов сөз сөйледі, сондай-ақ «Инженерлік орталық» БПҰ партиялық активіне сайлау, «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалының есептік-сайлау конференциясына делегаттарды сайлау және «Нұр Отан» партиясының қатарына Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының орталық аппараты мен «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Инженерлік орталығы» РМК қызметкерлері ішінен жаңа мүшелерді сайлау жөніндегі ұйымдастырушылық мәселелер қарастырылды.