18.10.2014

Мини-футбол бойынша турнир қорытындысы

Кеше, 2014 жылғы 17 қазанда астаналық «Алатау» спорткешенінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 1-ші шақырылымының Төрағасы Марат Тұрдыбекұлы Оспановтыеске алуға арналған футболдан турнир аяқталды.

    Еске сала кетсек, турнирдің ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі 6 команданы жұмылдырған болатын. Турнирге қатысқандардың барлығы аса шеберлікпенкөзге түсті. Әрбір ойыннан жанкүйерлер үлкен әсер алды. Шындығында қызығушылық құштарлығынан алаңда ойын қызу өтті. 

Әрбір салынған «голға» ду қол шапалақпен қошемет көрсетілді.Жарыстың қорытындысы бойынша:

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы 1-ші орынға;

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2-ші орынға;

ҚР Парламентінің Шаруашылық басқармасы 3-ші орынға ие болды.

Барлық ойыншылар медальдармен, грамотамалармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды.