16.10.2014

Баспасөз релизі



    2014 жылғы 16 қазанда «Нұр Отан» ХДП «Бірлік» филиалының «Инженерлік орталық» Бастапқы партия ұйымы кезекті жиналысын өткізді. Күн тәртібіне сәйкес «Инженерлік орталық» Бастапқы партия ұйымының жаңа Төрағасын сайлау, ұйымға бекітілген еңбек ардагерлері мен жалғыз тұратын зейнеткерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету, сондай-ақ ұйымның ағымдағы қызметі туралы мәселелер талқыланды.