18.04.2023

МТҚБ Парламентаризм институты ҚР ғылым министрлігімен аккредиттелді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Парламентаризм институтына ғылыми қызмет субъектісі мәртебесін берді. № 000148 аккредиттеу туралы куәлікке 13 сәуірде қол қойылды.

Ғылыми мәртебе алу Парламентаризм институтына гранттық іргелі зерттеулерге қатысуға мүмкіндік береді, бұл мекеменің ғылыми-зерттеу қызметін сапалы жаңа деңгейге көтереді, имиджі мен танылуын арттырады, жас талантты зерттеушілерді тартуға көмектеседі.

«Еліміздің ғылыми-зерттеу институттарының қатарында өз орнын бекіткен Парламентаризм институтының ұжымы үшін қуаныштымын. Ресми аккредиттеу институттың ғылыми, талдамалық және нормашығармашылық қызметін дамытуға қосымша ынталандыру мен серпін береді деп үміттенемін», – деп атап өтті МТҚБ басшысы Әлихан Жамсатов.