15.10.2014

Шағын футбол турнирі



2014 жылғы 15 қазанда «Алатау» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 1-ші шақырылымының Төрағасы Марат Тұрдыбекұлы Оспановты еске алуға арналған шағын футболдан жыл сайынғы турнирдің ашылуы өтті. Турнирдің ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі 6 команданы жұмылдырды.

Жарыс 2 кезеңде өтеді. Қорытындысы 2014 жылғы 17 қазанда жарияланатын болады.