23.05.2023

Қызметкерлердің тілектері мен ұсыныстары - МТҚБ басшысының жеке бақылауында

ПІБ басшылығымен кездесулерде МТҚБ бағынысты кәсіпорындарының қызметкерлері көтерген мәселелерді шешу барысын «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ-де өткен кеңеске қатысушылар талқылады.

МТҚБ басшысы Әлихан Жамсатов өткен кездесулер қызметкерлердің еңбек жағдайларына және әлеуметтік мәселелерді шешуге қанағаттанушылығының артқанын атап өтті. Қазір жұмысшылар өндірістік мәселелерді көтере бастады. Ең маңызды деген мәселелер МТҚБ басшысының жеке бақылауында. МТҚБ құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен өткен кеңесте автошаруашылық паркін жаңарту бойынша мәселе талқыланды. Ең алдымен - ескірген автобустарды ауыстыру бойынша, қосалқы бөлшектердің сапасы бойынша, Инженерлік орталық мамандары үшін кеңселермен және жүктемемен мәселені шешу бойынша, сондай-ақ жазғы құрылыс жұмыстарының барысы мен МТҚБ ӘҒД дамыту мәселелері талқыланды.