21.06.2023

МТҚБ Автошаруашылығы материалдық базаны нығайтады

МТҚБ Автошаруашылығының жылы гаражының тірек конструкцияларын күшейту бойынша жұмыстарды жүргізу сапасы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы басшысының бақылауында.

Әлихан Жамсатов «Нео строй кз» ЖШС директорының орынбасарымен кездесіп, осы мердігерлік ұйым жүргізетін барлық жұмыстарды жеке өзі қарап шықты.

Сонымен қатар, МТҚБ басшысы АЖҚС және автошаруашылық қазандығын ауыстыру үшін жобалаушылар ұсынған орындарды қарап шығып, жобаны әлеуметтік маңызды ретінде жеке бақылауға алды.

Инфрақұрылымды көшіру жобасын іске асыру 2024 жылға жоспарланған. АЖҚС және «МТҚБ Автошаруашылығы» РМК қазандығын ауыстыру үшін ЖСҚ жұмысы тамыз айының соңына дейін аяқталуы тиіс – мұндай міндет кәсіпорын басшылығының алдына қойылды.