26.06.2023

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында ИО медиа қызметінің қызметкерлері марапатталды

МТҚБ басшысы Әлихан Жамсатов қызметкерлерге табыстар тілей отырып, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Кәсіби наградаларын МТҚБ Инженерлік орталығының медиа орталығының 13 маманына табыс етті.

АҚДМ Инженерлік орталықтың медиа қызметкерлерінің еңбегін алғаш рет атап өтті.

«Еңбек ардагері» төсбелгісімен жоғары санатты стенограф Клара Агаповна Нұржанова марапатталды. Оның жалпы жұмыс өтілі - 43 жыл, Инженерлік орталықта жұмыс өтілі - 35 жыл.

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен мінсіз жұмысы үшін: СМУ қызметінің басшысы Гүлмира Айтжанова, жоғары санатты бейнеинженер Айбол Жұмағұлов, СМУ 1-санатты бейнеоператор Жомарт Елеуов, жоғары санатты фотограф Жаслан Жұмабеков, 2-санатты фотограф Сайлыбай Майлыбаев, 2-санатты бейнеинженер Раиса Әбдікерімова марапатталды.

МТҚБ ИО-ның тағы 6 маманы ақпарат министрінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

«Біздің қызметімізге 25 жыл болды, біз медиа қызмет көрсеткенімізбен және іс жүзінде журналистік жұмысты атқарғанымызбен ешқашан БАҚ-пен теңестірілмедік. Сондықтан бұл марапаттар біз үшін өте қымбат және маңызды», - деді Гүлмира Айтжанова.