23.06.2023

Жетекші қазақстандық БАҚ өкілдері Парламентаризм институты жұмысымен танысты

Парламентаризм институтының мен заң шығару тарыбында мақалалар жазатын 20 жетекші қазақстандық БАҚ редакторларымен бейресми кездесуін Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшылығы ұйымдастыруға көмектесті.

«Закон.кз», «Тенгриньюс», «Казинформ», «Голос народа» ақпараттық агенстволары, «Егемен Казахстан» газеті, «Казахстанская правда», «Литер», «Время», «Казахстан», «Хабар», «Жибек жолы» телеарналары, «Қазақ радиосы» радиостудиясы және басқа да белгілі БАҚ өкілдеріне Институттың аналитикалық мүмкіндіктері, мақсаттары мен міндеттері, перспективалық бағыттары мен жоспарлары, заң шығару жұмысы шеңберінде парламентшілермен ынтымақтастық қалай құрылатыны туралы айтып берді. БАҚ өкілдерімен бірлесіп болашақ ынтымақтастық жобаларын талқылап, белгіледі.

«Кездесуге қатысушылар заңдар туралы қызықты жазуға және айтуға болатынына көз жеткізді. Бұл - біз үшін өте маңызды нәтиже,» - деп Парламентаризм институтының атқарушы директоры Жанар Тулиндинова бейресми қарым-қатынас қорытындыларын бағалады.

Баспасөз іс-шарасы журналистердің кәсіби мерекесі - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында өтті және екі жаққа да жақсы әсер қалдырды.