07.08.2023

МТҚБ Автошаруашылығының жүргізушілері жаңа көліктерге отырды

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы «МТҚБ Автошаруашылығы» РМК автопаркін жаңартты.

Пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан автобустар мен жеңіл автомобильдер ауыстырылды. Барлығы 69 отандық автокөлік, оның ішінде 8 автобус пен шағын автобус, сондай-ақ «Hyundai» және «KIA» маркалы 61 жеңіл автокөлік сатып алынды.

«Автопаркті жаңарту ресми іс-шараларды көлікпен қамтамасыз ету деңгейін арттырады, жанармай үнемдеуге, сондай-ақ автомобильдерге техникалық қызмет көрсету шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, техникалық ақаулар себебінен ЖКО туындау қаупі азаяды», - деді МТҚБ Автошаруашылығы директоры Дәулет Асқаров.

Автопарктің жаңаруына қарай көлік құралдары басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға берілетін болады.