15.08.2023

Парламент ғимараттары жаңа сессияның басталуына дайын

Биыл жазғы маусымда ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының ғимараттарында, сондай-ақ депутаттардың қызметтік тұрғын үйі орналасқан «Нұрсая-1, 2» ТК-де орындалған инфрақұрылымдық жұмыстар рекордтқа жетті.

Халық қалаулыларының жазғы демалысы - МТҚБ мамандары мен «МТҚБ ӘҒД» РМК қызметкерлері үшін істің қызу кезі. Дәл осы уақытта қысқы маусымға дайындық, сондай-ақ ғимараттарды техникалық тексеру кезінде қажеттілігі анықталатын барлық жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

2,5 айда ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының ғимараттарында (толық тозуына байланысты) оңтайлы климатты қолдау үшін пайдаланылатын салқындатқыштар мен сору-шығару жүйелері ауыстырылды. Желдету жүйелерін тазарту және дезинфекциялау жүргізілді.

Парламент ғимараттарын үздіксіз автономды және резервтік жылумен жабдықтау қазандықтары ауыстырылды. Барлық жылу жабдықтары сынақтап өтіп, пайдалануға берілді. Нысандардың жылыту маусымына дайындық паспорты алынды.

Мәжіліске кіре берісте ғимаратқа кіруді жеңілдету үшін халықтың аз қозғалатын топтары үшін көтергіш тетік орнатылды.

Мәжіліс ғимаратының «Д» блогының шатырына жөндеу жүргізілді (жөндеу жұмыстарының ауданы 1 722,3 м2 құрады). Мәжіліс ғимаратындағы асхана залына, Сенаттың 8 қабатындағы дәліздер мен залдарға жөндеу жүргізілді. Мұнда энергия үнемдеу мақсатында 13 балкон есігі ауыстырылды. Лифттерге техникалық куәландыру жүргізілді.

195 кабинет пен 13 депутаттық пәтер жөнделді. Жөндеу жұмыстарының жалпы ауданы 28 391,5 м2 құрады. Депутаттардың қызметтік тұрғын үйі орналасқан «Нұрсая 1» және «Нұрсая 2» ТК кіреберістері, сондай-ақ Парламент жатақханалары (кіру топтары, лифт залдары, дәліздер және баспалдақ шерулері) ретке келтірілді.

Парламент ғимараттары жаңа сессияның басталуына толығымен дайын.