03.10.2023

Еңбек ардагерлеріне көрсетілген құрмет

МТҚБ және ведомстволық бағынысты кәсіпорындар ұжымдарында зейнеткерлер мен еңбек ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады.

МТҚБ Автошаруашылығында 30 зейнеткер қонаққа шақырылып, олар үшін арнайы дастархан жайылды. Қонақтарға тәтті сыйлықтар мен Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының қойылымына билеттер берілді.

Әкімшілік ғимараттар дирекциясында МТҚБ 13 жұмыс істейтін зейнеткерді мерекемен құттықтады.  Салтанатты жиында оларға алғыс хаттар, гүлдер мен азық-түлік сертификаттары табысталды.

Инженерлік орталық боулинг орталығында ұжымдық мереке өткізіп, оған ардагерлерін шақырды. Зейнеткер жасындағы әйелдерді гүл шоқтарымен қуантты.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ұжымы 10 зейнеткерге ұлттық тағамдар мейрамханасында кешкі асқа сертификаттар мен Қазақстандық маркалы әдемі қолшатырлар сыйлады.