25.12.2023

МТҚБ Автошаруашылығы материалдық базасын нығайтуда

МТҚБ Автошаруашылығында сандық жүйелерді жаңғырту бойынша жұмыстар аяқталды. 56 бейнебақылау камералары, сонымен қатар кәсіпорыннан кіруде/шығуда мемлекеттік нөмірлерді тану камералары орнатылды.

Метериалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының жетекшісі Әлихан Жамсатов мердігерлермен кездесіп, атқарылған жұмыстың сапасын бақылап қайтты.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы «МТҚБ Автошаруашылығы» РМК ұжымы автопаркті күрделі техникалық жаңартуды жүргізді. Автошаруашылықтың кезекші парк машиналары 60%-ға, персоналды парк машиналары 100%-ға отандық өндіріс автомобильдеріне ауыстырылды.

Жылы гараждың салмақ түсетін конструкциясын нығайту аяқталды. Сонымен қатар, «МТҚБ Автошаруашылығы» РМК АЖҚС мен қазандығын көшіру үшін ЖСҚ әзірлеу аяқталды, материалдар құрылыс сараптамасынан өтуде.

- Іс басқармасы және МТҚБ басшылығымен кездесуде орын алған жұмысшылардың тілектерін орындау аясында жұмыскерлерге арналған душ бөлмесі жабдықтандырылды. Жергілікті атқарушы органдармен де жұмыстар жүргізілді, оның қорытындысы бойынша Қорғалжың тас жолынан кәсіпорынға дейін Е-128 көшесі жарықтандырылды, сондай-ақ № 27 қалалық автобустың бағдары Автошаруашылық жатақханасына дейін ұзартылды, - деп есеп берді РМК директоры Дәулет Асқаров.