31.03.2014

2014 жылғы 19 наурызда Мәжіліс асханасының залында конкурстардан тұратын Наурыз мейрамы тойланды.

Тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы – Ұлыстың Ұлы күнінің баршамыз үшін жолы да, жөні де бөлек. «Туған ай – тураған етпен тең», әне-міне дегенше қар еріп, жылғалардан су ағып, табиғат жасарып, көктемнің саумал самалына ілесіп, Наурыз да жетті.

    2014 жылғы 19 наурызда Мәжіліс асханасының залында конкурстардан тұратын Наурыз мейрамы тойланды. Конкурста Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарының командалары қатысты. 

Конкурс бағдарламасы төрт бөлімнен тұрады:

1. «Қазақтың дархан дастарханы» конкурсы;

2. «Елдігіміздің діңгегі - ұлттық салт-дәстүрлер» - қазақтың ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен үзінді көрсету;

3. «Ән көңілдің ажары» музыкалық нөмірі;

4. «Наурыз - балалардын көзқарасымен»  суреттер конкурсы -қызметкерлер балаларының сурет көрмесі.

Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.  Сонымен қатар, спорт жарыстарынан өткен шаралар қорытындыланып, командалар марапатталды. Шара қатысушылары мен қонақтар үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен оралды. 

    Адамзаттың ақ таңы атқаннан бері қаймана қазақтың қай баласы болсын, Наурыз мейрамының қадір-қасиетін жете түсінуде. Жалпы тепе-теңдік, ізгілік пен жаңару үйлесім тапқанда ғана құт қонып, береке орнайды. Бұл мейрам алғашқы рет Қазақстанда 1988 жылы тойлана бастады, 2001 жылы Наурыз мерекесі мемлекеттік мейрам болып жарияланды. Қазақстандағы жүзедеген ұлт пен ұлыстардың өкілдері бір-бірімен тату-тәтті, берекелі өмір сүріп жатыр. Әз Наурыздың адам баласын ізгілік пен сыйластыққа, ынтымаққа тәрбиелейтін  тереңнен тартар ежелгі қасиетін біз барлық қазақстандықтардың бойына дарытуға, оны өз өміріміздің салтына айналдыруға міндеттіміз.