04.06.2024

МТҚБ ұжымы Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

Мемлекеттік рәміздер күнін «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ ұжымы Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнінің орындалуымен атап өтті.

Басшы бастаған МТҚБ-ның барлық қызметкерлері мемлекеттік мекеменің дәлізінде қатарға тұрып, әнұранды орындаудың салтанатты рәсімін өткізді.

Іс-шарадан кейін МТҚБ басшысы Серік Бақтияр: «Мұндай бірлескен іс – шаралар өз еліне қызмет ететін кез - келген мемлекеттік қызметші үшін үлкен мәртебе екенін атап көрсетеді», - деп атап өтті.