13.03.2014

6 наурызда ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының мәжіліс залында Наурыз мейрамына орайластырыла ұйымдастырылған шахмат ойындары бойынша турнир өтті.

Турнирге ҚР Парламентінің ШБ және оның ведомстволық қарасты кәсіпорындарының командалары қатысқан болатын. Турнир айналма жүйе бойынша өткізілді.

    Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Наурыз мейрамы қарсаңына жоспарланып отыр. Шахмат әлемі – сырлы, тылсым да құпия әлем. Ол ешкімді бейжай қалдырмайды. Шахмат ойынын бір мәрте ойнасаңыз, оны ешқашан ұмытпайсыз.