06.03.2014

2014 жылғы 27 және 28 ақпанда Сенат пен Мәжіліс асханаларында «Пайдалы құймақ» мерекесі тойланды

Масленица – пұтқа табынушылық мәдениетінен мұраға қалған ежелгі славян мейрамы. Бұл қысты көңілді шығарып салу, жақындап келген көктемді, табиғаттың жаңаруын жылы қарсы алу мерекесі.

    Масленица атауы – осы кезеңдегі Ұлы пост алдындағы соңғы аптада сары май, сүт пен балық өнімдерін тұтынуға болатындығынан пайда болған. Мерекелік масленица аптасының дәстүрлі тағамы – құймақ. 2014 жылғы 27 және 28 ақпанда Сенат пен Мәжіліс асханаларында «Пайдалы құймақ» мерекесі тойланды, онда құймақтың: қауыздық, асқабақ, ірімшік, қарақұмық сияқты әртүрлі тағамдар салынған түрлерін татып көруге болатын. Осы іс-шараның басты ұйымдастырушысы «ҚР Парламенті ШБ-ның Асханасы» РМК. 

    Ежелден масленица мерекесінде алдағы пост қарсаңында калория жинақтау үшін адамдардың тойып тамақтануы заңдылық болып табылады.