05.03.2014

2014 жылғы 28 ақпан мен 1 наурыз аралығында Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында ҚР Парламентінің ШБ мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындары арасында спорттың үш түрінен жарыстар өтті: футбол, үстел теннисі, бильярд.

Жарыстарға алты команда қатысты. Барлық ойындар олимпиада жүйесі бойынша өткізілі. Әр ойын қатысушылар үшін ғана емес, жанкүйерлерге де жақсы көңіл-күй сыйлап, ұмытылмас және жағымды сәттерге толы болды.

    Жеңімпаздарды марапаттау Наурыз мейрамы қарсаңында өтеді. Осындай іс-шаралар тек денсаулық кепілі ғана емес, сондай-ақ корпоративтік рухты нығайтып, нағыз спорттық мереке қалыптастыруға негіз болып табылады.