18.02.2014

Спорттық сауықтыру іс-шарасы туралы ақпарат

«Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына орай «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Қызметтік тұрғын үйлерді пайдалану жөніндегі дирекциясы» ШЖҚ РМК 2014 жылдың 08 ақпанында «Астана Парк Отель» қонақ үйі базасының шаңғы-роллер трассасында шаңғы жарысынан спорттық сауықтыру іс-шарасын өткізді. 1 шақырым қашықтыққа жалпы старт және командалық эстафета жарыстары бойынша кәсіпорынның 30 қызметкері қатысты.

    Жеңімпаздар грамоталармен және кубоктармен марапатталды. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында осындай спорт-сауықтыру іс-шараларын жыл бойы өткізу жоспарлануда.