18.12.2013

2013 жылғы 13 желтоқсанда ҚР Парламентінің Шаруашылық басқармасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы орталық аппаратының және ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қызметкерлері қатысты.

Салтанатты шараны кіріспе сөзбен ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының Басшысы Б. Князбаев ашты, одан соң Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды.    

    Шаруашылық басқармасының Басшысы айтулы мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен барлық қатысушыларды құттықтап өтті және жұмыстың одан әрі өркендеуі мен жемісті еңбек тіледі.    

    Сондай-ақ, жүктелген міндеттерді адал орындаған және функционалдық міндеттерін уақтылы да сапалы атқарған Шаруашылық басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты кәсіпорындары қызметкерлерлері Мәжіліс Аппаратының, Сенат Аппаратының, Президент Іс Басқармасының және Шаруашылық басқармасының  құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды, гүл шоқтары табыс етілді.